Ұйымдастырушылар
Magunaly Business — энергетика, мұнай-газ және өнеркәсіп салаларындағы жобалармен жұмыс істейтін стратегиялық коммуникациялар агенттігі.
Агенттік коммуникациялық стратегиялар әзірлеп, оларды іске асырады; салалық форумдар мен іскерлік кездесулер ұйымдастырады; жобаларды медиа мен әлеуметтік желілерде сүйемелдейді. Бизнес, мемлекет, сарапшылар және қоғам арасындағы өзара түсіністікті нығайту — жұмысымыздың басты бағыты.
Magynaly Business командасының Қазақстанның мұнай-газ өңірлерінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Агенттік ұлттық және халықаралық компанияларға арналған коммуникациялық жобаларды жүзеге асырады.
Media Energy Talks ұлттық медиафорумы — мұнай-газ саласының ел дамуындағы орны, сала адамдары, технологиялары, жобалары мен келешегі жайлы кәсіби әңгіме өрбитін ортақ алаң.
Қызмет бағыттары
Ұлттық Media Energy Talks медиафорумына дайындық аясында Magynaly Business Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп «Қазақстандағы мұнай-газ журналистикасы — 2026: даму мүмкіндіктері мен кедергілері» зерттеуін бастайды.
Зерттеу қорытындылары форумда таныстырылып, журналистер, сарапшылар және мұнай-газ саласы өкілдері арасындағы ашық пікір алмасуға арқау болады.
Демеушілік және жарнамалық ықпалдастық мәселелері бойынша электрондық поштаға немесе +7 (702) 820 8920 нөміріне хабарласуыңызға болады.